Прокуратураның қалалық бөлімінің басшысы 2 наурыз күні алкогольді ішімдік ішіп, сенімхат бойынша BMW маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатып, жол жүру ережелерін бұзған. Ол апаттық жағдай жасап, нәтижесінде «Лада Калина» автокөлігімен қақтығысады.
Жол апаты салдарынан «Лада» жүргізушісі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды. Айыпталушы қала көшелері бойынша сағатына 110-120 шақырым жылдамдықпен жүрген.
«Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша 3 наурыз күні Қостанай облысының прокуроры Ш.Шерияздановқа қатаң сөгіс жарияланып, жұмысынан босату туралы бұйрық шығарылған», - деп айтылған облыстық прокуратураның баспасөз хабарламасында.