Қостанай қаласының прокуроры Арай Әлімов хабарлағандай, тінту кезінде жас жігіттің пәтерінен сипатты мазмұндағы араб тіліндегі фильмдер жазылған дискілер мен тыйым салынған әдебиет табылған. "Тергеу барысында барлық материалдарды сотталушы Интернеттен көшіріп алып, содан соң таныстарының арасында таратқаны мәлім болды. Ол сол арқылы өзінің пікірлестерін таппақшы болған", - деді А. Әлімов.