Қостанай қаласында неміс киносының фестивалі басталды

Оны Германия Елшілігі мен Бас консулдығы, сондай-ақ Швейцария Елшілігінің қолдауымен «Қазақстанның Гете институты» ұйымдастырды.

Фестиваль аясында Германия мен Швейцариядан халықаралық және ұлттық жүлделерге ие болған төрт фильм, атап айтқанда: «Джулияның жоғалуы», «Жұмақ шетінде», «Төрт минут» көркемсуретті картиналары, сонымен қатар «Ханшайымдар бассейні» деректі фильмі көрсетіледі. Фильмдер неміс тілінде орыс субтитрлерімен беріледі. Көрермендер үшін кіру тегін.