Қостанай соты бұрынғы полицейлерден жәбірленушіге 300 мың теңге өндіріп берді


«Сот азаматтың шағымын жартылай қанағаттандырып, азаптау салдарынан келтірілген моральдық шығынды өтеу үшін Ішкі істер департаментінен 300 мың теңге өндіріп беру туралы шешім шығарды», - деп хабарлайды сот өкілі.
Департамент өкілінің айтуынша, қаражат жәбірленуні азаптаған экс-полицейлерден өндірілмек.
Бұрын хабарланғандай, Ұзынкөл аудандық ІІБ үш қызметкері ұрлықты мойындату мақсатында жергілікті тұрғынды соққыға жығып, психикалық қысым көрсеткен.
Сот оларды ҚК 2-бөлімі 141-бабы 1-тармағы бойынша айыпты деп таныды.