Қостанай темір жол вокзалында 80-нен астам адам сыртқа шығарылды

Қостанай ішкі істер желілік бөлімі мәлімдегендей, қызметкерлер вокзал ғимаратынан екі иесіз сөмке тауып алған.

Заттың иесі біразға дейін табылмауы күдік туғызды. Полиция қызметкерлері ол аумақты қоршауға алып, 80-нен астам адамды сыртқа шығарып, вокзал маңындағы алаңда көлік жүретін жолды жауып тастаған.

Қауіпті зат бір сағаттай іздестірілген. Ол жерге полицейлер, құтқарушылар, жедел жәрдем келген.


Сағат 15:00-дерде сөмкенің иесі табылды. Қазір одан жауап алудамыз. Сөмкеде оның жеке заттары болған.