Қостанай және Қарағанды облыстарында өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты

ТЖМ мәліметінше, 6 ақпанда Қостанай облысының Рудный қаласында 18 сағат 05 минутта бес қабатты тұрғын үйдегі өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен 10 адамының күшімен сөндірілді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Қарағанды облысының Агрогородок кентінде 4 сағат 08 минутта өрт сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен 6 адамының күшімен 5 сағат 03 минутта сөндірілді.