Қостанай-Астана тас жолында 3 көлік соқтығысып, бірнеше адам ажал құша жаздады

Үш көлікте 8 жолаушы болған, екеуі балалар.  Олардың бәрі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Жол апатына себепкер болған БМВ-ның сау тамтығы қалмаған. Оның ішіндегі адамдарды құтқарушылар  темірді кесіп, әрең дегенде шығарып алды. Кейін белгілі болғанындай, ол қарсы бағытқа шығып кетіп, Камазбен соқтығысқан. Салдарынан жүк көлігі аударылыпты. Ал тас жолда айналып қалған БМВ-ға қатты жылдамдықпен келе жатқан Тойота барып соққан. Мамандар жол апатына жүргізушінің ұйықтап кетуі себеп дейді.  

Loading...