Қостанайда 10 жастағы ұл баланы зорлаған ер адам сот алдында жауап беруде


Оған Қазақстан Қылмыстық кодексінің 121 бабы 4 тармағы (14 жасқа толмаған балаға қатысты сексуалды сипаттағы іс-қимылдар жасау) бойынша қылмыс жасады деген айып тағылып отыр, делінген дүйсенбіде соттың баспасөз қызметінен таралған хабарламада.
"Интерфакс-Қазақстанға" соттың баспасөз хатшысы Шолпан Қасымованың хабарлауынша, қылмыс Қостанайда жасалған.
"Бұл іс жабық түрде қаралады, сол себепті толық ақпарат бере алмаймыз, қылмыс жасады деген күдікті 1984 жылғы, ұл бала 2004 жылғы", деді ол.