Қостанай облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында іс жабық түрде қаралды.
2018 жылы 18 сәуірде, сәрсенбіде сот үкімі шықты. Басында қыз ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айыпталған, алайда жаңа деректердің пайда болуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 102-бабына ("Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру") өзгертілді. Бұл бап бойынша қыздың жазасы әлдеқайда жеңілдетілді: 8-15 жылға бас бостандығынан айыру жазасынан - екі жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Басылым мәліметінше, соттың баспасөз қызметі қыздың бір жылға бас бостандығынан шектеліп, сот залында босатылғанын мәлімдеген.
Істің басқа деректері айтылмаған. Қыздың әкесі ішімдікке әуес болып, жанжал шығаратын болған. Отбасыдағы жағдай қиын болған. Қыздың өзі Қостанай колледжінде оқыған. Ол жаңажылдық мерекеге үйіне келген кезде осы оқиға болған.
Ұқсас тақырып:
Астанада ер адам әйелін 25 рет пышақтап, өзі балконнан секіріп өлді