Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы басталған осы апта ішінде 236 жасөспірім ІІД қызметкерлерінің назарына ілікті. Оның ішінде 192 жас әкімшілік заңбұзушылыққа жол берген. Сондай-ақ, ата-анасының бақылауынсыз түнгі уақытта көшеде жүрген басқа балалар да тексерілді.
«Балаларын тәрбиелеуден бас тартқан 18 ата-анаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Жалпы, рейд барысында кәмелет жасына толмаған 173 бала түн уақытында ата-анасының бақылауынсыз қыдырып жүрген. Бұған қоса, жасөспірімдерге алкоголь өнімдері мен темекі сатқан 11 ересек адамға айыппұл салынды», - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Рейд кезінде кәмелет жасына толмаған 27 бала тіркеуге алынды. Тексеру барысында ювеналды полиция қызметкерлерімен бірге облыстық білім басқармасының мамандары да болды.