Ол ұлының аман-есен табылатынынан үмітін үзбеген, деп жазды sn.kz
«Балам, егер сен мені көріп не естіп отырсаң, хабарласшы. Байланысқа шық. Қандай жағдай болса да, біз сені күтеміз. Осы уақыттан бері біз жанымызды қоярға жер таппай отырмыз, жұмыс істеуді қойдық. Әсем мектепке барып жүрген жоқ. Көзімнің көруі нашарлап, барлық ауруым шығып жатыр. Өтінем сенен, келші», - делінген анасының бейнежазбасында.
Айта кетейік, 1995 жылы туған Елдос Дүйсенов биыл 20 қаңтар күні үйінен кетіп, қата оралмаған. Дәл осы күні Қостанайда 25 жастағы Салтанат Кукенова есімді қыздың да жоғалғаны белгілі болды. Туыстары екеуінің кездесіп жүргендерін айтады.
Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!
Loading...