Қостанайда ағаш шеберханасындағы өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды

Өрт сенбіден жексенбіге қараған түні бір жеке меншік цехта шыққан. "250 шаршы метр аумақта шатыр мен қосалқы шаруашылық жайы өртенді",- деп хабарлайды мекеме. Қосалқы шаруашылық жайындағы өртті сөндірген кезде 1960 жылы туған күзетші мен 32 жастағы әйелдің мәйіттері табылды.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндірушілері 4 сағаттан астам уақыт жұмсады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті