Қостанайда аквапарк өртенді; ешкім зардап шеккен жоқ

Спорттық көңіл көтеру кешенінің шатыры өртенген. Сол сәтте шатырды жөндеп жатқан құрылысшылар мен аквапарк қызметкерлері өртті өз беттерімен сөндіруге тырысқанымен, жалын одан бетер тарала бастаған.

Жалынды ауыздықтауға 6 машина мен автосаты пайдаланылды. 26 адам жұмысқа тартылды. Тілсіз жау 17 сағат 32 минутта сөндірілді. "Өрт аумағы 70 шаршы метрді құрап отыр, шығын көлемі анықталу үстінде", - деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ғимараттан 61 адам, соның ішінде 15 бала" сыртқа шығарылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті