Өртенген үйдегі 26 бөлменің әрқайсысында 2-3 адамнан тұрған. Алайда, құтқарушылардың хабарлауынша қызыл жалын тұтанған кезде 7 адам ғана эвакуацияланыпты. Қазір олар уақытша көршілерінің үйіне жайғасты. Ал жалынды өшіру үшін 30-дан астам құтқарушы жұмыс істеген. Өрт тіпті маңайдағы ғимараттарға жайылып кете жаздаған екен. Өйткені, өрт сөндірушілердің жұмысына пәтерлердегі газ баллондарының жарылуы кедергі келтірген. Төтенше жағдайдың себебі анықталуда.
Loading...