Қостанайда арақ ішіп тұрғындарды шошытқан шенеунік жұмыстан қуылды

Жұрттың тынышын қашырған мына жап-жас бастық. Әлі отызға да толмаған Арман Ахметов мас күйінде қызметтік көлігіне отырып алып, таңға дейін ауылды армансыз аралапты. Әділет басқармасының бастығы тек басқа көлікке соқтығысқанда есін жиған. Жүргізуші куәлігін де үйінде ұмыт қалдырған шенеунік енді әріптестерінен кешірім сұрап жалбарынып отыр. Десе де, өзіне қатысты қозғалған істің сотына 7 рет бармаған жас бастық қанша жыласа да жұмысынан қуылды.

Арман Ахметов, Қарабалық ауданы әділет басқармасының басшысы:

- Кінәлі екенім рас. Егер заңға қайшы келмесе, қызметімді ең соңғы сатыға дейін түсіріп тастаңыздар. 

Loading...