Өңірлерден арзан бағаға жеткен сұйық май мен ет өнімдерін қостанайлықтар небәрі екі сағаттың ішінде талап әкеткен. Сондай-ақ сөрелерге шығарылған жұмыртқаларға да ұзын-сонар кезек болды. Қала тұрғындары оны да молынан алып қалуға тырысты. Себебі жұмыртқаның бағасы базарда 220 теңге болса, жәрмеңкеде 60 теңгеге арзан. Ұн мен макарон өнімдерінің жағында да адам аз емес. Болашақта азық-түліктің осы түрі тапшы болуы мүмкін деген қауесет тараған соң, олардың саудасы қызғанға ұқсайды.