Қостанайда асфальт төсеп жатқан техникаға жеңіл көлік соғылып екі адам қаза тапты


Облыстық ішкі істер департаментіндегілердің айтуынша, апат болған Наурыз ауданында жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен. Екінші жол көлік оқиғасы да осы ауданда болған. Тағы да сол асфальт жаятын техника жұмыс жүргізіп жатқанда, оны басып озбақ болған жеңіл көлік келіп соғылған. Оның жүргізушісі мен қасындағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Қазір бұл жерлерде қауіпсіздік барынша күшейтілген.