Қостанай ауасының бір қалбыры 450-500 теңге тұрады. Қалбырдың сыртындағы жазуға қарағанда, бұнда 35 пайыз Жағалаудың ауасы, дәл осындай көлемде Орталық саябақтың ауасы, қалғаны қарағайлы орманнан алынған. Ауаның жарамдылық мерзімі - 100 жыл. Сатушылар бұл идеяның авторы туралы жөнді мәлімет бермеді. Айтуларынша, оларға бір жігіттер әкеп береді екен. Ал адамдар кәдесый ретінде алып жатқан көрінеді.