Қостанайда бала кір жуғыш машинаның ішіне кептеліп қалды

Анасының көзін ала бере кішкентай екі ұл кір жуғыш машинаның үстіне шыққан. Сөйтіп кішісі ішіне құлап кетіпті. Анасы көрші-қолаңды шақырып, өздерінше әрекет еткен. Біразға дейін арпалысып, ақыры шығара алмаған соң құтқарушыларды шақыруға тура келіпті. Олар тұрмыстық техниканы екіге бөліп, бүлдіршінді әрең алып шықты.


Арайлым Бербекова, анасы

-Көршілерді шақырдым жүгіріп барып, келді көмектесті. Мына жерге дейін өзіміз аштық. Сосын көтердік, 30 минут өтті. Шығара алмадық, бала жылап-жылап қызарып кетті.