Қостанайда балалардың жоғалуы жиілеп кетті

Нұргүл бар болғаны 17 жаста екен. Тергеушілердің болжамынша, көгөрім қыз жігітімен ұрсысып, артынан көпірден секіріп кеткен. Алайда марқұмның туыстары бұл сөзге сенбей отыр. Нұргүл Ағыбаева осыдан бір ай бұрын сәуірде жоғалған екен. Таңертең әдеттегідей сабағына шыққан ол сол күйі хабарсыз кеткен. Оның алдында, 2 наурыз күні Арлан Жүсіпов те кітапханаға бармақшы болып үйден шыққан бойы қайта оралмаған. Бұлардан бөлек, Динара Шишова мен Светлана Кищенко да іздестірілуде. Светлана 6 сәуірде хабарсыз кеткен.

Әділбек Нұрмахин, Қостанай облысы ІІД баспасөз хатшысы:

- 4 мамыр күні Тобыл өзенінен іздеуде жүрген Нұргүл Ағыбаеваның денесі табылды. Қинап өлтірді дейтіндей денесінде ешқандай белгі жоқ. Сот-сараптама қорытындысы бойынша, тыныс жолдарына су толып, содан үзілгені анықталып отыр.

Loading...