Қостанайда белгісіз біреулер итті тірідей көмген

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанайлық жануарларды қорғаушылар әлеуметтік желіде белгісіз адамдардың тағы бір қатыгез әрекеті туралы жазды.

Бүгін таңертең екінші Қостанайдан жерге тірідей көмілген ит табылды. Бойжеткен дыбыс шыққан жаққа қарай жүріп, жерді қазып, итті шығарып алды. Ит әрең тыныстап жатыр, бірақ үміт бар. Қазір ол ветеринарлық клиникаға жеткізілді", - деп жазды жануарларды қорғаушылар.

Олар иттің жағдайы ауыр екенін, бірақ оны аман алып қалуға үміт бар екенін айтты.


"Төбеттің жағдайы тұрақтанған соң, оған күтім көрсетіп, үй табу үшін біздегі оңалту орталығына алып келеміз", - деді волонтерлер.

Әлеуметтік желідегі постқа ондаған жанашыр жан қолдау көрсетіп, қатыгездікке наразылық білдірді және олар жануарларды қорғаушыларға көмек ұсынды.

Алайда жануарларды қорғаушылар осы фактіге қатысты полицияға шағымдана ма, жоқ па, ол жағын нақтыламады.