Қостанайда бір әйел лифт шахтасына құлап қаза тапты

Қаза тапқан әйелдің мәйіті 18-шілде күні лифт шахтасының түбінен табылды. Тәртіп сақшылары осы үйдегі бір пәтерді бес адамның бір тәулікке жалдап алғанын анықтады. Пәтерден шығып кеткен бір қыз қайтадан оралмаған.

Баспасөз қызметінің нақтылауынша, қыз 6-қабаттан лифтімен түспек болғанға ұқсайды. Лифт істемей тұрған. Бірақ оның ашылмалы-жабылмалы есігі жүріп жүрген. Қыз лифтіне кірдім деп ойлап, шахтаға аттап кеткенге ұқсайды.
Қазір полиция бұл оқиғаны тексеріп жатыр.