Баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, түнгі сағат 3.50-де бетперде киген үшеу алдау жолымен "Одақ" ЖШС-нің аумағына кіріп, шолық аңшы мылтығымен қорқыту арқылы 20 және 22 жастағы екеі күзетшіні соққыға жығып, байлап тастаған.
"Шабуылшылар металл жәшіктен 1 млн 753 мың теңгені, 1128 дана ұялы байланыстың абоненттік карточкаларын алып іздерін жасырып кеткен. Жалпы шығын көлемі 4 млн 694 мың 473 теңге болды. Қылмыскерлер іздестіріліп жатыр", -деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті