Полицяның айтуынша, 5 ақпанда Қостанай облыстық Ішкі істер департаментіне "Универсал" ЖШС-тің 48 жастағы директоры шағымданған. Ол өзінің 11 жасар ұлын бейтаныс адамдардың ұрлап әкетіп, 10 мың АҚШ доллары көлемінде құн талап етіп отырғандығын хабарлады.
Жедел-іздестіру шараларының барысында Қостанай облысының Ішкі істер департаменті мен ҰҚКД қызметкерлері жасөспірімді ұстап отырған жерді анықтаған. Ол қаладағы пәтерлердің бірінде қамалып отырған. Сол жерде 18-жастағы қылмыскер де құрықталды. "Ол өзінің сыбайластары - жәбірленушінің 24-жастағы ағасы мен 22 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны екендігін мәлімдеді", - деп хабарлады полициядан.
Күдіктілердің барлығы да құрықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті