Оны қалалық ІІД кадр бөлімінің инспекторы Вадим Мукабенов қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Нан алмақ болып дүкенге шыққан полицей далада патруль көлігі мен асығыс жүгіре жөнелген патрульдік-жол полициясы қызметкерін көріп қалған. Істің анық-қанығын сұрап білгеннен кейін В.Мукабенов те күдіктіні іздеуге кірісіп, көп ұзамай оны қоршаудан секіріп өтпек болған жерінде қолға түсірген.
Полицияның хабарлауынша, күдікті көшеде кетіп бара жатқан студенттің 105 мың теңгесін тартып әкеткен.