Қостанайда екі әйелді өлтірген күдіктілер ұсталды

"Павлодар облысы Шарбақты елді-мекені аумағындағы тас жолда рейд шараларын жүргізу кезінде жол көлік полициясы үш адам отырған астаналық мемлекеттік номері бар көлікті тоқтатты. Бірінші тексеру кезінде көліктің артқы орындығында жатқан жол сөмкесінің ішінен алтын зергерлік бұйымдары бар қапшық табылса, екінші жолаушының тон қалтасынан 5 г есірткі заты табылды", - деп хабарлады Б. Қожахметов.

Оның ақпараты бойынша, сол жерде дереу шұғұл-тергеу тобы шақырылып, көлік иесі мен екі жолаушы Павлодарға жеткізілді. Жүргізілген шұғыл-тергеу шараларының нәтижесінде анықталғанындай, ұсталғандар 14 қарашада Қостанайдағы "Эффект" және "Руслан" дүкендерінде жұмыс істеген екі әйелді өлтіріп, сауда орындарынан 845 алтын зергерлік бұйым мен сейфтен ақша мен заттарды әкеткен. "Тоналған заттардың жалпы құны 11 млн теңге", - деді баспасөз хатшысы.

Оның сөздеріне қарағанда, екі дүкенде, тиісті тексеру мекемелерінен берілген ескертпелеріне қарамастан, қауіпсіздік жүйесі мен күзет қойылмаған. ІІМ баспасөз хатшысы айтқанындай , дүкендердің қожайыны жауапкершілікке тартылуы мүмкін. "Өзінің жеке мүлкіне селтостық танытудың салдарынан қылмысқа жол беріліп, адамдар мерт болды", - деді ол.

"Барлық күдіктілер Қостанай облысының тұрғындары. Олар қылмысқа бір айдан астам уақыт бойы дайындалып, қауіпсіздік жүйесі мен күзеттің жоқ екенін алдын ала білген", - деп атап өтті Б. Қожахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті