Қостанайда екі жұмыскердің қаза болуы фактісі бойынша сот үкімі шығарылды

«Балхаш Трубомонтаж» ЖШС-нің учаске басшысы К.Жақыповқа қатысты сот үкімін шығарды.

Іс материалдары бойынша, 2014 жылдың 27 қарашасында Қостанай қаласының Фролов және Алтынсарин көшелерінің қиылысында тереңдігі 8,2-8,6 метр болатын орда үш жұмыскер канализациялық құбырларды жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Құлама жарды бекіту бойынша сақтық шараларының жасалмауы салдарынан ордың тік бойындағы топырақ сырғып құлап, тереңдіктегі үш адам үйінді астында қалған. Екі жұмыскер сол жерде қаза тауып, үшіншісі екі құбыр арасында қалғандықтан аман қалған болатын.   

Сот үкімімен К.Жақыповқа бір жыл бас бостандығын шектеу және бір жыл мерзімге еңбекті қорғау мен құрлыс-құрастырым өндірісінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша қызметті атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.