Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 16 маусым күні сағат 19.00-де Баймағамбетов көшесінде болды. Облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Қайтыс болған әйелдің кім екені анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" 99-бабымен қарастырылған сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полициядағылар.
Қылмыстың себебі тексеріліп жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам әйелге бірнеше рет пышақ сұғып алған, кейін өзін жарақаттаған. Сондай-ақ куәгерлер ер адамның қайтыс болған әйелдің бұрынғы күйеуі болғанын айтады.
"Полицияға оқиға туралы хабарлама сағат 18.51-де түсті, жедел жәрдем 18.53-те жетті. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер 1988 жылы туған әйелдің жерде жатқанын көрді. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
1984 жылы туған ер адам ішіне пышақ салған. Екінші бригаданың көмегімен ол ауруханаға жеткізілді.