Қостанайда Гагарин көшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріле ме?

Көшенің атын ауыстыру жайыда қала әкімі Қайрат Ахметовке осыған дейін төрт өтініш келіп түскен деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Alau.kz  сайтына сілтеме жасап.

Қостанай автомобиль көлігі колледжінің оқытушылары мен студенттері қаладағы Гагарин көшесін бірінші президенттің есімі Нұрсұлтан Назарбаевқа ауыстыруды ұсынып, ұжымдық хат жазған.

«Келіп түскен әр өтініш заң жүзінде қаралатын болады. 29 шілдеде қоғамдық тыңдау өтеді. Содан кейін шешім қабылдайтын боламыз», – деді Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов.


Белсенділер ал Юрий Гагарин есімін Гвардия көшесіне беруді ұсынды.