Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайы өте ауыр дейді. Ал, әріптестерінің айтуынша, таңертең жұмысқа келгеннен кейін қаруын алып қызметіне кіріскен. Алайда біраз уақыт өткен соң қызымен телефон арқылы сөйлесіп, ашуға мініпті. Артынан Макаров тапаншасын қайта тапсырмастан көлігіне отырып кетіп қалған. Тек екі жарым сағаттан кейін қала ортасында сандалған көлікті жол сақшылары тоқтатпақ болыпты. Сол кезде криминалдық бөлімнің аға лейтенанты өзін тапшадан атып жіберген. Мән-жайды қазір Ішкі қауіпсіздік басқармасы анықтап жатыр.
Loading...