Қостанайда ғылымға белгісіз «құбыжық» табылды

Басылым тілшілері ауылдағы мал дәрігері Серік Ыбыраевқа хабарласқанда, ол от жағушының беймәлім құбыжықты тауып алғандығын растаған.

-Үстінде жіңішке қылшығы бар, екі қатар тісі бар екен. Өмірімде мұндай тіршілік иесін көрмегенмін. Ұзындығы 20 сантиметр. Бұл ғылымға белгілі паразит құрттарға жатпайды, олар жұмыртқадан шықпайды ғой. Әрі жұмыртқа доп көлеміндей. Бұл бауырымен жорғалаушы. Оның түрі қорқынышты екен, дейді мал дәрігері.

Аталмыш ауыл орманның арасында орналасқан, Әулиекөл ауданына қарайды.


От жағушы жұмыртқаны Майкүбіден әкелінген көмірдің арасынан тауып алған. Газет тілшілері хабарласқан мектеп директоры Қайрат  Қайдауылов осылай деп отыр.

Директордың айтуынша, құбыжық құрт алты сағат қана өмір сүрген. Қазір ауыл тұрғындары оның өлі денесі қатырып қойған. Олар беймәлім мақұлықты зерттеу үшін ғалымдарға беруді жөн көріп отыр.