Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 19-ақпанда 14 сағат шамасында Қостанай қаласының орталығындағы "Балалар әлемі" дүкенінің жанында 30 жастағы Назрань тұрғыны өз жерлестеріне қаратып оқ ата бастады. 9 мм-лік жауынгерлік қаруға айналдырып жасалған ИЖ-79 газ тапаншасынан атылған оқтан Қостанайға Назрань қаласынан келген 39 және 20 жастағы ағалы-інілі екі азамат жарақаттанды. Тізесі мен ішінен жараланған азаматтар Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілді.
Зардап шеккендердің айтуынша, әлгілердің арасында жеке бастық жек көрушілік болған. Дүкенге ұялы телефон сатып алуға келген жерімізде шабуылшымен кездейсоқ жолығып қалдық дейді ағалы-інілі жігіттер.
Қазір қылмыскер іздестіріліп жатыр. Полицияның ақпаратына сәйкес, оқиға орнынан ол Челябинск қаласында тіркелген ВАЗ-2111 автокөлігімен із жасырған.