Қостанайда карантиндік шектеулер жеңілдетілді

15 ақпаннан бастап келесі жеңілдіктерді енгізу туралы шешім қабылданды:

- аптаның барлық күндерінде шаштараздар, сұлулық салондары, маникюр, педикюр, косметологтың жұмысына рұқсат етіcін;

- жексенбі күні сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін 2000 шаршы метрден асатын СОО, супермаркеттер, гипермаркеттер, азық-түлік емес дүкендердің жұмысына рұқсат етілсін;

- қоғамдық тамақтану объектілерінің 50 пайыз толтырылатын, бірақ аптаның барлық күндері 30 орыннан аспайтын 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілсін;

- Қоғамдық қалалық көліктің жұмыс істеуіне, аптаның барлық күндері отыратын орындардың саны бойынша уақыт шектеусіз рұқсат етілсін;

- аптаның барлық күндері 07.00-ден 22.00-ге дейін 30 пайыз толтырылатын жабық спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтардың жұмысына рұқсат етілсін;


- 30 адамға дейінгі мәдениет объектілеріне дайындықтарға рұқсат етілсін;

- 20 пайыздан аспайтын театрлардың, кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етілсін;

- азық-түлік порттарын тек алып кетуге және жеткізуге рұқсат етілсін.