Қостанайда халық шығармашылығының үшінші облыстық фестивалі өтті

Облыстық мәдениет басқармасы мен Шығармашылық үйі ұйымдастырған және Қостанайдың орталық алаңында өткен фестивальде қолданбалы қолөнер шығармашылығымен айналысатын шеберлер мен әуесқойлардың үздік туынндылары таныстырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмені өткізудегі мақсат - халық мәдениетін дамыту, ұрпақтар арасында байланыстар орнату.

Фестивальге өңірдің барлық аудандарынан көркемөнерпаз ұжымдары қатысты.