Қостанайда кинотеатрды бұзуға қарсы рұқсатсыз наразылық шарасы болып өтті



Кеше кешке кинотеатр ғимаратының алдында бірнеше ондаған адам жиналып, есік алдына олар "Қостанайлықтар ризашылық білдіреді" деген жазуы бар қаралы гүлтәжін қойып, қолдарына қара таспа тақты. Шараға қатысушылардың бірі - Елена Заболоцкая: "бұл - біздің азаматтық ұстанымымызды білдіру шарамыз. Біз кинотеатрды бұзып, орнына ебедейсіз бірдеменің салынуын қаламаймыз. Ал қолымызға қара таспа байлау арқылы біз кинотеатрмен қоштастық",- деді.

Кинотеатрдың алдындағы алаңға облыстық ішкі істер департаменті төрағасының орынбасары Марат Ағайдаров бастаған тәртіп сақшылары келді. Құқық қорғау органдарының өкілдері алаңда жиналғандардың бәрінен құжаттарын көрсетуді сұрады. Мәліметтерді жазып алған әлгілер құжаттарын ала келмеген бір топ адамды "аты-жөнін анықтау үшін" ұстады.

Алаңда тәртіпсіздіктер болған жоқ. Алайда, М. Ағайдаровтың айтуынша, "алаңдағы оқиғаны полицейлер ойрандау әрекеті деп бағалап отыр".

"Қостанай" кинотеатры осыдан 27 жыл бұрын сланыған. 2000 жылы ол мәдени ескерткіштердің санатынан шығарылып, сатылып, жөнделіп, 2006 жылы қарағандылық "Arcada" компаниялары тобына қайта сатылған. Жаңа қожайын билет құнын көтеріп, кинотеатрдың шығынды жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Кинотеатрды бұзу және оның орнына сауда-саттық пен көңіл көтеру кешенін салу жөніндегі шешім шілденің аяғында қабылданған. Жаңа көңіл көтеру кешенінде түрлі сыйымдылықтағы бірнеше кинозал болады деп күтілуде. "Адамдар оны сатып алды, бәрін қиратып бұзып, оның орнына әсем ғимарат салмақшы. Ол заманауи талапқа сай келмек, олай болса, осындай мүмкіндікке қарсы дау айтуға бола ма?" - деген сауал тастады Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин білім беру қызметкерлерімен өткен кеңесте. Әкімнің пікірінше, "бәрі де мәдениетті әрі әсем болуға тиіс". "Егер ол расында да назар аударуға тұрарлық болса және сәулет өнерінің ескерткіші болса, онда оны қалдыру керек, ал егер ол қаланың сәнін бұзып тұрса, онда оны бұзу қажет!", - деді ол.