Қостанайда көлігімен баланы қағып өлтірген кәсіпкерге қатысты сот басталды

Жоғары жылдамдықпен жүйіткіген көлік тротуармен келе жатқан Әлішер Саматовтың денесін бетон қоршауға жапсырып тастады. Жеткіншек тілге келмей, оқиға орнында қаза тапты. Жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші мұнымен қоймай, келіп жеткен полицейлерге пышақ тақап, табельдік қаруларын тартып алмақшы болған еді. Алайда, Девин құзырлы орган өкілдеріне қарсылық көрсеткенін мойындамай қойды. Бар болғаны «абақтыға түспей тұрып, бала-шағаммен көрісуге мұрсат беруді сұрадым», -деп ақталды.

Loading...