Қостанайда колонияға телефон өткізбек болған күдіктілер анықталды

Бейнежазбадан машинаның мекемеге қалай келгенін және күдіктінің белгілі бір затты колония аумағына қалай қалдырып кеткенін көруге болады. Скотчпен оралған қара түйіншекте екі телефон болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚР ІІМ-не сілтеме жасап.
Зат табылған жерге қаланың Солтүстік ПБ тергеу-жедел тобы шақырылды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері облыс ПД қызметкерлерімен бірлесіп, тыйым салынған заттарды жөнелтуге 
қатысы бар адамдарды анықтады.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.