Қостанайда мешіт құрылысына Т200 млн-нан астам садақы жиналды

Осы қаражатқа екі қабатты жаңа мешіт салынып жатыр. Оның ерлер залы 1000 адамға ал әйелдер залы 500 адамға есептелген. Одан басқа дәстүрлі діни рәсімдер өткізу үшін 450 адамдық зал салынған. Ғимарат пен құрылымдардың жалпы ауданы – 3987 шаршы метр, жер учаскесінің аумағы 1,5054 га.

Мешітке тапсырыс беруші – «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» РБ мен облыстық Марал ишан мешітінің бас имамы.