Қостанайда миллиондап пара алған лауазымды шенеуніктер сотта жауап беріп жатыр

14 томнан тұратын қылмыстық іс бойынша Аракелян қызмет бабын асыра пайдаланды және 300 мың теңге пара алды делінген. Аталған сома жаңа жылға қарсы мұз қалашығын салудағы тендерде жеңіске жету үшін талап етіліпті. Ал Жеңіс Шынкинге пара алды, пара берді және қомақты қаржыны қалтасына басты деген айыптар тағылуда. Бұл шенеунік фирмалардың бірінен 1 жарым миллион, ал екіншісінен сыбайласы Бобровный арқылы тағы 14 миллион теңге алған көрінеді. Бұдан өзге қылмысына көз жұму үшін ол тексерушілерге 100 мың ұсыныпты. Жаздан бастап қос орынбасары, одан кейін Қостанай әкімінің өзі және бірнеше кәсіпкер қамауға алынған болатын. Қаланың бұрынғы басшысы Ахметбек Ахметжанов пен оның оң қолы болған Мақсұт Қалиевке қатысты іс бөлек қаралып, сот қаңтардың 24-іне белгіленді. 

Loading...