Қостанайда нан қымбаттайды

«Бұған дейін баға қанша құбылса да, нан бағасы еш өзгерген жоқ. Енді оны күштеп ұстап тұруға еш негіз жоқ. Біз бұл туралы көптен бері қозғап жүрміз», - деді Н.Садуақасов. Аймақ басшысының мәлімдеуінше, өзге өңірлермен салыстырғанда Қостанай облысында нан бағасы едәуір төмен. Бұл өз кезегінде кәсіпорындардың күшіне тиеді. Сөредегі нан бағасының қашан өзгеретіні әзір белгісіз. Әйтсе де, оның бірқалыпта тұрмайтыны анық. Қазір Қостанай облысында әлеуметтік тағамның әр бөлкесі 42 теңгеден. Қымбаттағанда оның бағасы 4 теңгеге өсетін болады, - деп хабарлайды 
http://24.kz/kz
 сайты.