Қостанайда "Нұр Отан" партиясы филиалының ғимаратында өрт шығып, бір адам қаза тапты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғимарат бөлмелерінің біріндегі түтінді байқап қалған жүргізуші өрт туралы бірінші болып хабар берген. "Ашық тұрған есіктен едендегі төсеніш линолеумның жанып жатқанын көрген ол қызметкерлерге өрт туралы хабар беріп, өзі жалынды өшіруге тырысқан. Алайда, тілсіз жауды ауыздықтау мүмкін болмай, ғимараттағы адамдар одан қашып шыққан",- деп хабарлайды полиция. Ал өрт туралы естіген кеңесші компьютерді құтқарып қалу үшін бөлмесіне ұмтылған.

"Оқыс оқиға орнына келген Қостанай облыстық ІІД-нің шұғыл тергеу тобы өрт ошағының қаза тапқан кеңесшінің бөлмесінде болғанын анықтады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазір өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Жұмыс орнында темекі шегу оқиғаға себеп болуы мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Өйткені, оқиға куәгерлерінің айтуынша, бүгін таңертең ғана қаза тапқан қызметкерге жұмыс бөлмесінде темекі тартуға болмайтындығы ескертіліпті.

Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті