"Кешкі сағат сегіздердің шамасында Әшімбаев жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан. Үйінің маңында қызметтік көлігін қоя беріп, үй кіреберісіне барар жолда белгісіз ер адам оны пышақтап кеткен", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Жәбірленушінің өзі жүргізушісін телефонмен шақырып, сонымен ауруханаға жеткен. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты деп бағалауда.
Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Марат Ысқақовтың айтуынша, "аталмыш қылмысты ашу үшін арнайы жедел іздестіру тобы құрылған. Күдіктіні тұтқындауға бағытталған жедел шаралар кешені жүргізілуде. Іс бойынша бірнеше болжам айтылуда. Олардың бірі қызметтік іс-әрекетімен байланысты болса, енді бірі бұзақылық болып табылады".