Қостанайда оқушылар полиция формасын киіп, ала таяқ ұстады

Көлік тізгіндеп көрмесе де, бұл сақшылардың әр қайсысы жол ережелерін жатқа біледі. Жүргізушілердің көбі көз жұма қарайтын жол белгілерін бұл балалар он жастан бастап оқып өскен.     

Оқушыларға погон кигізіп, қолдарына ала таяқ ұстауға полицейлердің өздері баулып жүр екен. Өйткені, абайсызда жол апатына түсіп қаза тапқан бала саны күрт көбейген. Мұндай тәсілдің ерекшелігі сол, оқушы тек өзі біліп қана қоймай, жолдағы қауіпсіздікті құрдастарына да үйретеді.    

Ақтоты Боранбаева, Қызылорда облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

-Күнделікті өмірде көшедегі балалардың өздерін қалай ұстап, жол ережесін қалай сақтап, оны қалай қолдану керектігі жөнінде үйретуде бұлардың атқаратын қызметтері зор.


Жол сақшысына айналған әрбір бала апат бола қалған жағдайда алғашқы көмек көрсетуді де меңгерген. Яғни, жүрек қағысын реттеп, жараны да таңып береді. Бұл шеберліктерін олар жас инспекторлар байқауында дәлелдеп берді. Осымен 15-ші жыл қатарынан өткізіліп жатқан жарысқа биыл Қырғызстан мен Ресейдің оқушылары да қатысып, мықтылары бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Loading...