Қостанайда оқушылардың астан ұшынуына жуылмаған ыдыс себеп болған

Аталған оқу орнының 9 бірдей шәкірті бір айдай бұрын ұшынған болатын. Түскі астан кейін тоғызының денсаулығы сыр берген. Тексере келе, олардың ішіне инфекция түскені анықталды. Сөйтсе, бар мәселе асханадағы ыдыстардың дұрыс жуылмауында екен. Соның кесірінен, адам денсаулығына қауіпті бактериялар пайда болған. Қазір асхана жабық. Лицей директоры болса, шу шыққаннан-ақ орнын босатыпты. Жалпы, мұндағы оқушылардың астан ұшынуы алғашқы жәйт емес. Өткен жылдың соңында да 20 бала стафилококк вирусын жұқтырған еді.

Юрий Севастьянов, Қостанай облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы:

-Тексере келе, ішек таяқшалары тобына жататын вирустар анықталды. Ол асхананың ыдыс-аяқтарынан, тіпті ет турайтын тақтайшаларынан табылды.

Loading...