Қостанайда орылмаған бидай үсіп жатыр

Ең көп зардап шеккен аудан – Сарыкөл. Мұнда шаруалар астықтың жетпіс пайызын әлі жинап үлгермепті. Орақ науқаны толассыз жауған жауын салдарынан тоқтап тұрған. Ал бүгін таңнан бастап түскен қар мол астықты мүлде жарамсыз етті. Үсіп қалған бидай элеваторға салуға да келмейді. «Шаш етектен шығынға баттық» деп шырылдаған шаруалар сапасынан айырылған астықты тастауға да көзі қимай жүр. Ал қыс болса, бұл өңірде үдей түспек. Мамандар алдағы күндері жаңбыр аралас қар жауады деген болжам жасап отыр.  


Валерий Олейник, шаруа қожалығының төрағасы:-

-Бізді енді тек алда аяз құтқара алады. Алайда, аяз түспей, тағы қалың қар жауатын болса, онда биылғы астықтан қағылдық деген сөз. Жүз пайыз егін жарамсыз болып қалады.