Қостанайда пара алды деген күдікпен бір топ шенеунік сот алдында жауап беріп жатыр

Қолдарына қосақтастырып кісен салған шенеуніктер мен кәсіпкерлер сот залына киножұлдыздарындай көңілді кірді. Судья келгенше экс-әкімнен өзгелері өзара қалжыңдасып та алды. Олардың көңілді отырыстары прокурор айыпты оқығанда су сепкендей басылды. Істің басты фигуранты, Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжановқа қызметін асыра пайдаланды, кәсіпкерлік қызметке кедергі жасады, пара алды деген айып тағылды. Ахметжанов қаланы басқарған бір жылдың ішінде 74 миллион теңге пара алған. Алайда ол кінәсін мойындаған жоқ. Экс-әкімге қарағанда оның орынбасары Мақсұт Қалиев істеген қылмысын толық мойындап отыр. Оған пара беруге делдал болды деген айып тағылған. Ал, әкімге ақша ұстатқан үш кәсіпкердің екеуі айыптаумен мүлде келіспесе, біреуі кінәсін ішінара мойындады. Олар құзіретін асыра пайдаланып, пара берді деп айыпталып жатыр.

Loading...