Қостанайда педофил 18 жылға бас бостандығынан айырылды


Русских ісі бойынша сот отырысы жабық режімде өтті. Өйткені бұл істе кәмелет жасқа толмаған зардап шекті.

Сот айыпталушының кінәсі дәлелденді деп есептеп, оны ҚР ҚК 121- бабы 4-бөлімінде қарастырылған екі қылмыс үшін соттады. Күдікті ерекше режімдегі түзету мекемесінде 18 жыл жазасын өтейтін болды.