Қостанай қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, тұрғын үйлерді су басуының алдын алу мақсатында ТЖД, ІІД, жергілікті полиция қызметі, жергілікті атқарушы орнандар, мердігер ұйымдар және 6697 ә/б тарапынан 200 адам, 35 бірлік техника тартылды. Сондай-ақ, осал тұстарды күшейту үшін 3000 қап құм жеткізіліп төселді. Оның көмегімен «Нагорная канава» су өткізу құрылымы күшейтілді.
«Шағын ауданды су басуына жол берілмеді, - делінген хабарламада. - Еріген су дала жақтан ағып келіп жатыр. Жапа шеккендер жоқ. Су басу қаупі бар аймақтағы үйлерден 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың 7-еуі ересек адам, 8-і бала. Олар Әлеуметтік қызмет көрсету бойынша Қостанай аумақтық орталығына орналастырылды