Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 22 жастағы Қостанай тұрғыны қарумен қорқытып "Нива" автокөлігін иемденіп алған. Үлкен жылдамдықпен қаладан қашып шығуға әрекеттенген тонаушы облыс орталығындағы жол қиылыстарының бірінде екі жеңіл автокөлікпен соқтығысып қалды. Жол апатынан зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Көлік тонаушы жол полициясы мен дербес батальон қызметкерлерінің күшімен қолға түсті. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып тергеу басталды.