Қостанайда қарулы тонау қылмысын жасаған күдіктілер ұсталды

Баспасөз орталығының ақпараттарына сүйенсек, күдіктілердің үшеуі де Қостанайдың тұрғындары. Олар "Одақ" ЖШС қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған.

Бұрын хабарлағанымыздай, 17-қарашаға қараған түні бетперде киген олар "Одақ" ЖШС ғимаратына алдап кіріп, шолақ аңшы мылтығымен қорқыта отырып, 20 және 22 жастағы екі күзетшіні соққыға жығып, байлап тастаған.

Шабуылшылар металл жәшіктен 1 млн 753 мың теңге көлемінде ақша, 1128 дана ұялы байланыстың абоненттік карточкаларын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалаған болатын. Жалпы шығының көлемі - 4 млн 694 мың 473 теңге.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті